Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Сенат жанындағы Талдау мектебіне іріктеудің нәтижесі жарияланды

3-01-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан «Талдау мектебі» қоғамдық жобасының үшінші кезеңіне іріктеудің нәтижесі жарияланды. Жобаға қатысуға 400-ден астам өтінім берілген. Конкурстық комиссияның өтінімдерді қарау нәтижесінде 60 қатысушы іріктеліп алынды.

Талдау мектебінің үшінші кезеңі 2024 жылдың 13 қаңтары мен 2 наурызы аралығында өтеді. Дәрістер әр сенбі күндері 8 апта бойы жалғасады. Дәріс оқитын лекторлар мен тренерлердің қатарында белгілі қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері, сарапшылар мен аналитиктер бар.

Талдау мектебі бастамасы мемлекеттік басқару, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер мен БАҚ саласындағы аналитикалық тәсілдерді күшейтуді көздейді.

Білім беру негізінен теорияны дамыту бағытында жүргізіледі. Бұл ретте сапалық аналитиканың критерийлерін, стандарттарын және ерекшеліктерін, сонымен қатар талдамалық мәтіндер жазудың практикалық дағдыларын дамытуға мән беріледі. Жобаға Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері бастамашы болды.

Іріктеу кезінде жұмыс тәжірибесі мен ғылыми дәрежесі бар, сондай-ақ, талдау құрылымдарында, мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, бұқаралық ақпарат құралдарында, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін үміткерлерге басымдық берілді. Үміткерлердің ғылыми қызығушылықтары мен зерттеу бағыттарының Орнықты даму мақсаттарына сәйкестігі де ескерілді.

Жобаның қорытындысы бойынша қатысушылар Сенат қызметінде қолдануға арналған талдамалық материалдар әзірлейді.

Анықтама үшін: «Талдау мектебі» жобасы Парламент Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының бастамасымен 2021 жылы қолға алынған. Бастамаға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді. Бұған дейін 2022-2023 жылдары Мектептің екі кезеңі өткізілді. Онда 100-ден астам аналитик дайындалды.

Жобаның дәрістері мына сілтеме бойынша қолжетімді:  

https://www.youtube.com/@SchoolofAnalytics/featured 

Талдау мектебінің үшінші толқынына қатысушылардың тізімі:

 

  1. АБДУКАРИМОВА ГАУХАР
  2. АЙТАКОВА АЙМИРА
  3. АЙТАҚЫН ҚУАНДЫҚ
  4. АЛДИЯРОВ МАДИЯР
  5. АШКЕНОВА ГУЛДЕН
  6. АСАБАЕВ АЛПАМЫС
  7. АУКЕН БАУЫРЖАН
  8. АУТЕЛЕЕВА ЛАУРА
  9. БӘТПЕН АРМАН
  10. БАЕВА ЮЛИЯ
  11. БАХРЕТДИНОВ ВАЛИХАН
  12. БАХИТКЕРИЕВ ДАРХАН
  13. БЕКИНОВ НУРСУЛТАН
  14. БЕКМАГАМБЕТОВА ГУЛЬЖАН
  15. ГАЗАЛИЕВА МЕРУЕРТ
  16. ГАЛЯМОВА МАРЬЯМ
  17. ДАВЛЕТБАЕВА ЖУЛДЫЗ
  18. ДАУТ ДАУЛЕТ
  19. ДУЙСЕНБАЕВА ФАРИЗА
  20. ЕМБЕРГЕНОВА ДАНАГУЛ
  21. ЕСЕН АЙНАГУЛЬ
  22. ЕРЛАН АЛУА
  23. ЕРМАНОВА ТАНШОЛПАН
  24. ЖАУХАРОВА ЖАННА
  25. ЖУМАДИЛОВ ЖАРКЫН
  26. ЖОЛДАСКЫЗЫ ЗАМИРА
  27. ИБРАЕВ АЛИШЕР
  28. КАЛМАКОВ ЕРЛАН
  29. КАЙДАРОВА ТОРГЫН
  30. ҚАЖЕНБАЕВ АМАНЖОЛ
  31. КОШАНОВА САУЛЕ
  32. ҚУАНБАЙ ЕРКЕБҰЛАН
  33. МАМАЖАНОВА АКБОТА
  34. МОМЫНКУЛОВ ЖАНАТ
  35. МУХАМЕТБЕК БАГЖАН
  36. МҰХАМЕДИЕВ АЗАТ
  37. МУРАТ АСХАТ
  38. НАДИРОВ НУРБЕК
  39. НУРИКЕЕВА АЛТЫНАЙ
  40. НУРКИШЕВА ТОМИРИС
  41. НЕСИПКАЛИЕВ УЛАН
  42. НУРПЕИСОВА АЙГУЛЬ
  43. НОВОКШАНОВА НАТАЛЬЯ
  44. ОМИРБАЕВА БИБИГУЛЬ
  45. ӨТЕСІН АИДА
  46. ПАРДАБЕКОВ ДИАС
  47. РЫСБАЕВ КАЙЫР
  48. СЕИЛХАН ЕРБОЛ
  49. САРСЕНОВА РАХИЛЯ
  50. СЫЗДЫКОВ БАЛТАБАЙ
  51. СЫЗДЫКПАЕВ ЕРЛАН
  52. СЫЗДЫҚБАЕВА РИЗАГҮЛ
  53. ТАЙПОЗОВА ГУЛЬФАРАМ
  54. ТЕРЛИКПАЕВА НУРГУЛЬ
  55. ТАБЕЛИНОВА АИДА
  56. УАЛИ ҒАЛИЯ
  57. УРАЗОВ АРСЛАН
  58. ХАРИТОНОВА ИРИНА
  59. ШАЙМЕРДЕНОВА ГУЛЬНУР
  60. ШАКЕНОВ АЛИХАН

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив