Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады
5 қантарда күндізАбай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Семей қаласында 05 қантар күні оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Осыған байланысты Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан осы кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!
Сондай-ақ жедел ақпаратты Сіз "Darmen" мобильді қосымшасынан біле аласыз, ол дауыл гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіптілік қатерлері, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы халықты уақтылы ақпараттардыру және хабардар етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл қосымша ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын мектептердегі сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
"Darmen" мобильді қосымшасын "Play market /darmen/" және "App store /darmen/" - дан жүктеуге болады.
Жүктеп алғаннан кейін сіз өзіңіздің жеке аймағыңызды немесе қызығушылық танытатын аймақты таңдауыңыз керек және жедел ақпарат бойынша жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізіледі
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" немесе "101" нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі