Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Құрылыс салуды ұйымдастыру қағидаларына аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша өзгерістер енгізілді

5-01-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына объектілерді пайдалануға беру критерийлерінің бірі ретінде объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру мен көгалдандырудың болуын белгілеу жөніндегі өзгерістер енгізілді.

Аталмыш түзетулер шеңберінде бекітілген жобаға сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстары, объектіні инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған объектілердің (кешендердің) жай-күйі салынған объектілердің (кешендердің) толық әзірлігін білдіреді.

Енді салынған объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

Көгалдандыру қоршаған ортаның экологиялық жағдайын және аумақты абаттандыруды, учаскенің сыртқы түрін жақсартады, тұрғындардың эмоционалды жағдайына пайдалы әсер етеді, сонымен қатар үлкен эстетикалық құндылыққа ие.

Объектілерді пайдалануға берудің өлшемшарттарының бірін белгілеу объектіні салуға бөлінген аумақты көгалдандырудың болуы үйдің барлық тұрғындарының жайлылық деңгейін едәуір арттыруға, жел мен шаңды ұстап, атмосферадағы оттегінің құрамын арттыруға, шу және шаңды жолдар мен өндірістерден үй маңындағы кеңістікті бөлуге, ауланың келбетін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Аталған өзгерістермен  https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/569587?lang=kk сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив