Жаңасемей аудандық мәслихатының І ұйымдастыру сессиясы өтті
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңадан құрылған Жаңасемей ауданынының аудандық мәслихатының алғашқы ұйымдастыру сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Семей қаласы әкімінің орынбасары Ж. Мұқатаев, Жаңасемей аудандық мәслихаты төрағасының м.а. Е. Абильмажинов, аудандық мәслихат депутаттары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бірінші кезекте күн тәртібі айқындалды.
1. Жаңасемей ауданы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясының Регламентін бекіту туралы.
2. Жаңасемей ауданы мәслихатының төрағасын сайлау туралы.
3. Жаңасемей ауданы мәслихатының тұрақты комиссиясын құру туралы.
4. Жаңасемей ауданы мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы
5. Жаңасемей ауданы мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасын сайлау туралы.
6. «Абай облысы Жаңасемей ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штаттары туралы.
7. «Абай облысы Жаңасемей ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы.
Күн тәртібіне сәйкес тиісті шешімдер қабылданып, Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы болып бірауыздан Абильмажинов Ермек Төлегенұлы сайланды.