Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарына 132 адам тартылды

6-01-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Оқиға орнында әлі де топырақ сырғып жылжуы болып жатыр. 

Тартылған құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін ауыр инженерлік техниканы жұмылдыру мақсатында үйіндінің шеттерін мәжбүрлеп түсіру және жүретін жолдарды салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, ЖАО, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 132 адам және 29 техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның кеңістігіне автобус құлаған болатын, онда «Майқайыңалтын» АҚ шахтасы алаңында түтін шыққаны туралы шақыруға шыққан КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының құтқарушылары болған. Автобуста барлығы 4 адам болған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив