Іскер әйелдер Абай облысының дамуын талқылады
Нұрлан Ұранхаев өңірдің іскер әйелдерімен еркін форматта кездесу өткізіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға, сондай-ақ облысты дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынуға мүмкіндік алды.
Кездесуге қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, кәсіпорын, мектеп және колледж басшылары, журналистер және т. б. қатысты.
Кездесу барысында әйел адамдарының кәсіпкерлік саласын дамытудағы үлесі, цйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы жұмыстар, гендерлік теңдікті сақтау, әйелдер құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, тығыз ынтымақтастыққа шақырды.
Анықтама: Абай облысының тұрғындарының 51%-ын әйелдер құрайды. Өңірде мемлекеттік басқару саласындағы әйелдердің үлесі 54 пайыз (жергілікті атқарушы органдарда – 53%, аумақтық орталық атқарушы органдарда – 54%). Облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттардағы әйел адамдардың үлесі 25 %.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі