Еліміздің су ресурстарын қорғайтын бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсті
Қазақстанда бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсті. Яғни, осыған дейін елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болса, қазір жалпы штат саны 242 адамға жетті.
Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді. Биыл Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша бассейндік инспекция бөлімдері, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы бөлімдер қосылады.
Бұдан бөлек, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беру қарастырылған. Ал Кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылуда.
«Қазақстанның су ресурстарын қорғау мәселесі күн тәртібінде тұр. Судың «қара нарығын» жою және оның пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету үшін біз бассейндік инспекциялар штатын арттырдық, сонымен қатар олардың материалдық-техникалық базасын жақсартуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар бізге мүмкіндігінше көп су айдындарын қамтуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.