Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Елордалық әуежайды жаңғырту ағымдағы жылдың көктемінде басталады

9-01-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласының әуежайында көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті.

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ұшу-қону жолағын қайта құру әуежайды инвесторға сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі негізгі және бірінші кезектегі міндеттердің бірі болды.

Terminals Holding компаниясы алдағы дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесі туралы хабардар етті, оған сәйкес қайта құру жұмыстары наурыз айының соңына дейін басталады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады және 2025 жылдың көктемінде аяқталады.

Ұшу-қону жолағын қайта құру ұшу қауіпсіздігін арттырады және әуе айлағының транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде министрлік әуежайда рейстерді тоқтатпай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив