Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Сотталғандарға спирттік ішімдік лақтырды

9-01-2024, 14:22 018.kz

Шемонайхадағы  түзеу мекемесінде сағат 20.05 шамасында бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан ішке қарай белгісіз заттарды  лақтырған азамат дереу оқиға орнынан  ізін суытқан.

Осы сәтте сотталушы тұрғын  аймақтан сытылып шығып, зат түскен аумаққа қарай  ұмтылғанын байқап қалған бекет сақшысы алдымен қарауыл  бастығына хабар береді. Одан кейін жазасын өтеушіге дауыс арқылы ескерту жасағанымен сотталушы сақшының бұл әрекетіне мән бермеген. Жауынгер бұдан кейін қаруын сақтандырғыштан шешіп, жоғары қарай ескерту оғын атады. Бұл уақытта әскери жасақ оқиға орынына жедел жетіп, тыйым  салынған  заттарды  алып кетпек болған сотталушыны ұстады. Кейіннен белгісіз азамат сотталушыларға спирттік ішімдік лақтырғаны анықталды.

«Шығыс» өңірлік  қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив