Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Темір жолдардан 82 мың текше метрден астам қар жиналды

9-01-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚТЖ желісінде қысқы кезеңнің басынан бастап арнайы техника көмегімен 26 мың шақырымнан астам темір жол тазартылды. Арнайы машиналардың барлық түрлерімен 377 шығу жүзеге асырылды. 82 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Негізгі іс-шаралар Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Абай облыстарында өткізілді.

Биылғы қыста Жамбыл магистральдық желісінің теміржолшылары аймаққа қалыптан тыс қар жауған кезде күрделі метеожағдайларға тап болды. Темір жол төсемін қар үйінділерінен тазарту үшін арнайы техника 31 рет жолға шықты. Техникаға қол жетпейтін жерлерде қар тазалау үшін жол монтерлері тартылды. Өңірде барлығы 394 шақырым теміржол төсемі тазартылды.

Пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржолшылар бүгінгі күнге дейін барынша күш салуда. Бағыттамалық бұрмаларды, станциялық жолдарды, аралықтарды, жолаушылар платформаларын қардан тазарту жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив