Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Сенаторлар шекара бекетінде болды

9-01-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сенаторлар Жетісу облысының Панфилов ауданындағы «Алмалы су» шекара заставасының қызметімен, сондай-ақ Талдықорған және Жаркент қалаларындағы жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету нысандарымен танысты. 

Кездесулер барысында еліміздің аумақтық тұтастығы мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы әрбір бөлімшенің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыланды.

Депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметімен де танысты. Орталық жақында өз ғимаратына көшкен болатын. Депутат Амангелді Толамисов тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен әңгіме барысында Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері туралы ұстанымын нақты атап өткеніне тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта біздің елімізде бұрын-соңды болмаған шаралар жүзеге асып жатқаны және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар бойынша әрекет ету тәсілдері қайта қаралатынын атап өтті.

Депутаттар қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен, сондай-ақ өңірдің жұртшылығымен де кездесті. Кездесулер барысында мектеп психологтарының еңбек қызметінің күрделілігіне, мұражай ашу қажеттігіне, агроөнеркәсіп өнімдерін сатудағы проблемаларға, су, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және агроөнеркәсіп кешені объектілерін салудың маңызына қатысты мәселелер көтерілді.

Депутаттар кездесулер қорытындысы бойынша адам құқықтарын қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі. Сонымен қатар шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер айқындалды, сондай-ақ Жетісу облысында іске асатын әлеуметтік-экономикалық сипаттағы басым жобалар белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив