Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық танытуда

10-01-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадалина Лупумен кездесуі өтті.

Кездесуде көлік, логистика және авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Көлік министрі Марат Қарабаевтың Румынияға алдағы сапары талқыланды.

Қазақстандық тарап алдағы сапар аясында Румыниямен Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Вице-министр Румынияның ТХКБ аясындағы рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ екі ел компанияларының белсенді қатысуын және жүк тасымалдаушылар арасындағы жақсы жолға қойылған байланыстары туралы жеткізді.

Атап айтқанда, тараптар Еуропамен көлік байланысын жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастық пен ТХКБ дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Румынияда Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.

Елші қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдің ТХКБ аясындағы ынтымақтастығы Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың кілті болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар көлік саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді және өткен іскерлік әңгіме үшін алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив