Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қазақстан Бірінші лигасында енді ешқандай легионер болмайды

10-01-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы танымал комментатор Ермұхамед Мәулен хабарлады. 

«ҚФФ шешімімен футболдан Қазақстан Бірінші лигасында енді легионер ойыншы ойнауға тыйым салынады. Осыған дейін 3 легионер ойнауға рұқсат болған. Сонымен қатар, Еуразиялық Ынтымақтастық Одақ ойыншылары да Бірінші лига клубы сапында алаңға шықпайды. Өздеріңіз білесіздер Армения, Ресей, Белорусь және Қырғызстан футболшылары біздің елде легионер болып саналмаған еді. Демек, бұл лигада тек отандық футболшылар ғана болады деген сөз. Керемет шешім!», — деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив