Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қазақ дипломаты АҚИҰ Бас директоры болып сайланды

12-01-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 3 қазанда Дохада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) 6-шы Бас Ассамблеясы шешімімен – қазақ дипломаты Асқар Мусинов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚИҰ Бас директоры лауазымына сайланды.

А. Мусинов – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған мансаптық дипломаты. Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Оңтүстік Африкадағы ҚР Елшісі лауазымында болды.

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ-де министрдің орынбасары және жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. АҚИҰ Бас директор болып тағайындалғанға дейін, 2018 – 2023 жылдар аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымында Бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив