Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі экологиялық журналистика курсына шақырады

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстандағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру: масс-медиа мен әлеуметтік желілердің ықпалы» экологиялық журналистика бойынша III курс өткізеді. Іс-шара БҰҰ Ақпараттық Бюросының - БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілдігі және Орталық Азиядағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарлама субөңірлік кеңсесінің қолдауымен өткізіледі.
Курс шеңберінде келесі модульдер көзделген: «Климаттың өзгеруімен күресудегі медиа құралдары», «Экологиялық проблемаларды шешудегі әлеуметтік желілердің ықпалы», «Тұрақты даму мақсатында экологиялық серіктестік». «Қазақстандағы экологиялық және климаттық өзгерістер» атты кітаптар, баспасөз және фотосуреттер көрмесі жоспарлануда.
Іс-шараға БАҚ өкілдері, журналистер, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.
Оқыту курсы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27, Әл-Фараби кітапханасы, № 409 зал.
Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ журналистер үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады https://us02web.zoom.us/j/85795302460?pwd=Tjk1eXBRVWRZVjV0WVBqTVhCTitaUT09 (конференция идентификаторы: 857 9530 2460, кіру коды: 377764).
Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, келесі сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://gforms.app/r/0czIvMn
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады +7 7172 740186.