Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Цифрлық даму министрлігі дата-орталықтар мен жасанды интеллект саласындағы жобалар бойынша инвестициялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

15-01-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен бірге БАӘ Инвестициялар министрі Мохамед Хасан Алсувайдимен кездесті. Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ, БАӘ Инвестициялар министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Стратегиялық құжат ҚР аумағында іске асырылатын деректерді өңдеу орталықтары жобаларына инвестициялар үшін негіз құруға бағытталған.

Қол қойылған құжат екі ел арасындағы берік әрі тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ тиісті бастамаларды қолдау және білім алмасуға жәрдемдесу үшін ынталандыруды енгізу көзделеді.

Сондай-ақ Бағдат Мусин Абу-Дабидегі іс-сапары аясында Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхаммен кездесті. Кездесуде IT саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалары талқыланды. Бұған дейін Томас Прамотедхам Қазақстанға Digital Bridge форумына қатысу үшін келген болатын.

Presight AI – G42 тобына кіретін жасанды интеллектке негізделген үлкен деректерді талдау саласында жетекші компания. G-42 тобы жасанды интеллект пен бұлтты есептеулерге маманданған жаһандық көшбасшы болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив