Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

17 қаңтар 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

16-01-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Депутаттар бірінші оқылымда экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдер инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша заң жобасы мен оған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне өзгеріс енгізу туралы» ілеспе түзетулерді қарайды.

Сондай-ақ Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО аясында медициналық бұйымдар айналымының бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама қаралады. 

Мәжіліс комитеттер «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заң жобасын, Құрылыс және Су кодекстерінің жобаларын, сондай-ақ 10 жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олардың қатарында: 

– Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы;

– Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  мәселелері  бойынша заң жобасы;

– Дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасы;

– ҚР аумақтық қорғанысы туралы заң жобасы мен ілеспе түзетулер;

– Су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша заң жобасы;

– бірқатар халықаралық ратификациялық құжат бар.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымсызды оқи жүріңіздер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив