Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғаудың ағымдағы жағдайы талқыланды

19-02-2023, 11:02 Думан Кенжеғазыұлы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен балалар омбудсмені Аружан Саин бейнеконференцбайланыс режимінде кездесу өткізіп, онда Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғаудың ағымдағы жағдайын талқыланды. Кездесуде алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттары мен форматы айқындалды.

Ластаев Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қоюының маңыздылығын атап өтті, ол кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына шағымдармен БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауда, жасөспірім кезіндегі суицидтің алдын алуда, 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде инновацияларды атап өтті.

Балалар омбудсмені ерте жастан патологияны анықтайтын медициналық диагностикаға инвестициялардың жоқтығына алаңдаушылық білдірді, бұл кейіннен ауыр диагноздарды емдеуге және әлеуметтенудегі кедергілерге әкелуі мүмкін. Омбудсмен Саин сондай-ақ интернат үлгісіндегі мекемелердің тәрбиеленушілерінің құқықтарын бұзу туралы жүйелі сигналдар алатынын хабарлады.

Өз кезегінде, Омбудсмен Ластаев келіп түскен сигналдарға уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету үшін өңірлік өкілдіктердің әлеуеті мен ресурстарын белсенді пайдалануды ұсынды. Ол сондай-ақ бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға мониторингтік барулар үшін ҰАТ құрамына балалар омбудсменінің өкілдерін қосу туралы мәселені қысқа мерзімде қарауға және шешуге дайын екенін білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау мен ілгерілетуді қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіру қажеттілігі туралы түсінікке қол жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив