Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

С. Жақыпова Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы офисі басшысының м. а. Д. Амришевамен кездесті

18-01-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы Офисі басшысының м.а. Дина Амришевамен кездесу өткізді. Тараптар алдағы 3 жылға арналған бірлескен жобалар мен жоспарларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияның және Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның нормаларына сәйкес мүгедектігі бар әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылдың тетіктері, «Әлеуметтік қызметкер» кәсібінің беделін арттыру, әлеуметтік жұмыста цифрландыру, сондай-ақ әйелдерді тиімді жұмыспен қамту үшін гендерлік-сезімтал құқықтық негіздерді қалыптастыру және әзірлеу мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, 2024 жылғы 11-22 наурыз аралығында Ташкент қаласында өтетін «Гендерлік теңдікке қол жеткізуді жеделдету және кедейлік мәселесін шешу және гендерлік аспектілерді ескере отырып, институттар мен қаржыландыруды нығайту арқылы барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбына арналатын Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссияның алдағы 68-сессиясының мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив