Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сарбаздар «контрактпен» қалып жатыр ма?

18-01-2024, 17:04 018.kz

Өткен жылдың басынан 200-ге жуық жедел шақырылымдағы сарбаз әскерде қалуға шешім қабылдап,  алғашқы келісім-шарттарына отырып үлгерген.

Қазіргі таңда олар  Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердегі бөлімше командирі, кинолог маманы, жүргізуші-маман, медицина қызметінің сержанты, іс-қағаз жүргізу маманы  сынды көптеген өзгеде лауазымдарға тағайындалып, әскери қызметтерін жалғастырып келеді.

Оларды әскери қызметте нақты не қызықтырды? Арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сүйенсек, көбіне ұнағаны әскердегі жасалған әлеуметтік жағдай болып шықты. 

Кіші сержант Азамат Төлегенов  Ұлттық ұлан қатарына 2020 жылы шақырылып, Қостанай қаласындағы  6697 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. Колледжді аяқтағаннан кейін әскерге кетуге бел байлаған Азамат, белгіленген мерзімін өткергеннен кейін Ұлттық ұлан сапында 25 жыл қызмет еткен әкесінің жолын жалғастырамын деп шешіпті.

- Бір жыл ішінде әскери өмір жайлы көп нәрсе білдім.Әсіресе маған ұнағаны келісім-шарт қызметіндегі әскерилерге жасалатын әлеуметік жағдай. Әкеммен ақылдаса келе, өз туған өлкем Өскемен қаласында әскерде қаламын деп шештім,- дейді Азамат.

Әр әскери қызметкер  мемлекеттің қорғауында.

Қазіргі таңда әскери қызмет мерзіміне қарамастан,  отбасы мүшелеріне тұрғынүй өтемақысы төленді, сонымен қатар тегін медициналық қызмет көрсетіледі.Одан өзге көптеген әлеуметтік қамтулар қарастырылған.

Жалпы, мемлекет  әскерилердің қызметтік ерекшеліктерін ескере отырып, оның өмірге қажеттілігін қамтамасыз етіп,  әлеуметтік және құқықтық  қорғалуына кепілдік береді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив