Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Шағын мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту үшін мемлекеттік қолдау қажет

20-01-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Атамекен» ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 46-отырысы өтті. 

Кезекті отырыста комитеттің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына және бюджеттік ұйымдармен тікелей келісімшарт жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, шайырлы жыныстардан мұнай барлау мен өндіруді заңнамалық реттеу мәселесі қаралды. 

«Атамекен» ҰКП Мұнай-газ секторы және экология департаментінің директоры Мұратбек Маханов комитеттің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына шағын мұнай өңдеу зауыттарын  жаңартуды қолдауға қатысты ұсыныстар айтты. 

Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында мұнай өңдеу зауыттарына қойылатын талаптарды күшейту, сұранысқа ие мұнай өнімдерін өндіруді жалпы өнім өндірісінің кемінде 45% көлемінде жүзеге асыруға қатысты іс-шаралар көзделген. Сонымен қатар, қазіргі кезде  шағын мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту және оларды одан әрі дамыту үшін қаржылай және жүйелі қолдау жоқ. 

«Мемлекет көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде дизель отынының тапшылығына тап болады. Бұл жыл сайынғы мәселе. Осыған байланысты шағын мұнай өңдеу зауыттарын дамыту және жаңғырту нарыққа жанармай тапшылығын болдырмауға көмектеседі деп санаймыз. Бірақ мемлекеттің қолдауынсыз экономиканың нақты секторына өз зауыттарын халықаралық стандарттарға дейін жаңғырту қиынға соғады», – деді Мұратбек Маханов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив