Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.23 534.96 5.16

KazAID Орталық Азия елшіліктерінің қатысуымен брифинг өткізді

23-01-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Орталық Азия елшіліктерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан елшіліктерінің дипломаттарына 2024 жылы KazAID жобалары туралы ақпарат ұсынылды.

Брифинг барысында тиімді мемлекеттік басқару және электрондық үкімет тақырыбы бойынша Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған «Достық» бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бағдарламаны ү.ж. 1-5 сәуір аралығында Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп іске асыру жоспарланып отыр.

Бір жыл ішінде Орталық Азия өңірінің мамандары дипломатия бойынша «Достық» және денсаулық сақтау бағытында «Авиценна» бағдарламаларына қатыса алады. Жоғарыда аталған жобаларға білім беру курстары, сараптамалық кездесулер және мәдени бағдарлама кіреді.

KazAID бағдарламалары өңірде тәжірибе және озық практикалармен алмасуды ынталандыру мақсатында Орталық Азия елдерінің сараптамалық қоғамдастықтары мен мемлекеттік қызметшілерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив