Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Әлихан Смайылов жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды

23-01-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 23 қаңтар сағат 00:09-да Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. Нәтижесінде Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл, Жамбыл облысында 2-3 балл және Жетісу облысында 4 балл болып сезілген бірқатар сейсмикалық факті тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстар қираған жоқ.

ТЖМ-де дереу республикалық жедел штаб құрылып, осындай штабтар аумақтық деңгейде жұмыс істеді. ТЖМ психологтарын тарта отырып, «жедел желі» телефондары ұйымдастырылды.

Өңірлерді азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындықта жұмыс істеді, командалық-штабтық машиналар орналастырылды, құтқару бөлімшелерінің топтары және халықты хабардар ету жүйесі – толық дайындықта.

Сейсмикалық болжау комиссиясы Алматы аумағында күшті және жойқын жер сілкіністері күтілмейтінін айтты. Осыған байланысты ТЖМ өңірлердің тұрғындарынан қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Премьер-Министр ТЖМ-нен әкімдікке және басқа да мемлекеттік органдарға дейінгі барлық қызмет болған жағдайға ден қойғанын атап өтті.

«Қаза тапқандар жоқ, ауқымды зиян келмеді. Алайда зардап шеккендер бар. Уақытылы ақпарат алмаған адамдар нақты әрекетсіз дүрбелеңге жол берді. Олар 2, 3 қабатардан секірген кезде зардап шекті. Бұл ескерту жүйелерін уақытылы қосып, халыққа мүмкіндігінше ертерек ақпарат беріп, хабарламалар жіберу қажет екенін көрсетті», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр барлық сейсмикалық қауіпті өңірде жаттығулар жиі өткізілуі керек екенін атап өтті.

«Халық іс-қимыл алгоритмін білуі керек», — деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды.

«Жақын арада жедел ден қою үшін басқару органдары мен азаматтық қорғау күштері басшылары мен жауапты тұлғаларының басқару бекеттеріндегі кезекшілігі енгізілсін. Бұл тіршілікті қамтамасыз ететін барлық ұйымға қатысты», — деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ зардап шеккендерді емдеу үшін барлық шараны қабылдау қажеттігін атап өтті.

«ТЖМ қызметтері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Барлық тиісті қызмет арасында, соның ішінде жер сілкіністері ошақтары орналасқан көрші мемлекеттермен нақты өзара іс-қимыл жасау керек», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив