Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Қазақстанда вакцинациялау нәтижесінде қызылшамен сырқаттанушылық төмендеді

24-01-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қызылша инфекциясымен күресте оң динамикаға әкелді. Қаңтардың соңғы үш аптасында аурудың төмендеуі байқалады. Қаңтар айында сырқаттанушылық өткен жылғы желтоқсанның сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел бойынша 8%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ 2-4 жас аралығындағы балалар егілді, яғни миллионнан астам халық вакцинацияланды. 1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті. 27 мыңнан астам бұрын егілмеген байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл вакцинациялау жүргізілді. Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді.

Жалпы, халықты жоспарлы вакцинациялаумен, қосымша жаппай иммундаумен, репродуктивті R санымен, сондай-ақ тіркелген жағдайлардың санымен қамту көрсеткіштері бойынша елдегі қызылша бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда қызылшамен ауыратын балаларды емдеуге жатқызудың оң үрдісі байқалады. 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда емдеуге жатқызу деңгейінің 25%-ға төмендеуі байқалады. Төсек қорының орташа қамтылуы ел бойынша 52%-ды құрайды. Астана қаласында, Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстарында төсек-орынмен қамтудың орташа деңгейінен жоғары деңгейде сақталуда.

Министрлік барлық жағдайы ауыр балаларға мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі түрлі бейіндегі мамандарды тарта отырып, телемедициналық консультация өткізеді.

Сонымен қатар, ата-аналар балаларда қызылшаға қарсы екпелердің болуына назар аударуға тиіс. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз. Егер аурудың белгілері пайда болса, асқынуларды болдырмау және басқаларға жұқтырмау үшін уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет. Егу және аурудың алдын алу немесе аурудың ағымын жеңілдету қызылшаның ауыр түрімен ауыру қаупінен гөрі оңайырақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив