Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Президент Алматы қаласының әкімдігіне барды

25-01-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қайта қалпына келтірілген қала әкімдігінің ғимаратын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа реконструкция кезінде әкімдік ғимаратының энергетикалық тиімділігін едәуір арттыруға ықпал еткен заманауи материалдар мен технологиялар қолданылғаны туралы баяндалды. Ғимараттың тарихи мәнін ескере отырып, оның архитектуралық келбетін сақтау туралы шешім қабылданды. Мәрмәрлі қасбеттер, жезбен және табиғи тастармен безендірілген ішкі сәндік элементтер бұрынғы қалпына келтірілді.

Реконструкция жұмыстары толығымен аяқталған үш павильонға былтыр қазан айынан бастап қала әкімдігінің аппараты мен 14 басқармасы орналасты.

Сонымен қатар Президентке өрттен қатты зардап шеккен №4 павильонда жөндеу жұмыстары жалғасып жатқаны туралы мәлімет берілді. Күмбезді ұстап тұратын қондырғылар мен темір конструкция жоғары температураның әсерінен түгелдей зақымданған. Сондықтан күмбезді толықтай қайта жөндеуге тура келді. Қазір бұрынғысына қарағанда әлдеқайда жеңіл, жаңа конструкция орнатылған. Құрылыс жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив