Роман Скляр мен Хао Минцзинь Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хао Минцзиньмен кездесті.
Астанада өткен кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Роман Скляр елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы туралы айтты. Өз тарапынан Хао Минцзинь Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға, әсіресе еліміздің теңдестірілген сыртқы саясатына және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларға жоғары бағасын берді.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды әрі қарай дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. Роман Скляр мен Хао Минцзинь қалыптасқан саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Кездесу соңында Қазақстан мен Қытай арасындағы достық және әріптестік байланыстарды тату көршілік пен ынтымақтастық жолында дамыту және нығайту қажет екені атап өтілді.