Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Көкпекті ауданында 2023 жылы 77 бірлік техника сатып алынған

29-01-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданында 2023 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер несиелік ұйымдар арқылы және өз қаражаттары есебінен 77 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық құрал-жабдықтарын сатып алды. Бұл трактор, комбайн, тиегіш пен тұқым себу жүйесі.

Мәселен, 29 бірлік өз қаражаты есебінен сатып алынса, 48 бірлік «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «КомТрансЛизинг» ЖШС және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке берілді.

Анықтама үшін: Абай облысының Көкпекті ауданында барлығы 1601 ауыл шаруашылығы, жол-құрылысқа арналған және басқа да өздігінен жүретін техника тіркелген. Оның ішінде трактор – 1112 бірлік, комбайн – 134 бірлік, трактор тіркемесі – 287 бірлік, жол-құрылыс машинасы – 62 бірлік, қарда жүретін машина – 6 бірлік.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив