Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылды

30-01-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ІІМ-де атап өткендей, “Тұрмыс” республикалық іс-шарасы барысында өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылды. Оның ішінде мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 201 факті бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді.

Мысалы, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы дәрігерден хабарлама келіп түсті.  Тексеру кезінде ананың ішімдік ішкені,  нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот шешімі бойынша алкоголизммен ауыратын 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды. Жүктелген міндеттерден қасақана жалтарғаны үшін сотталған 101 адамға қатысты, соттарға жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсынымдар жіберілді. 34 шартты түрде мерзімінен бұрын босаған адамға қатысты өтініш қанағаттандырылып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

Бұрын сотталған 91 адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғаны үшін соттар ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша әкімшілік қадағалау белгіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив