Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Астанада корпоративтік қайырымдылыққа арналған форум өтті

30-01-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада корпоративтік қайырымдылықтың II форумы өтті. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры ұйымдастырған іс-шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров қатысты.

Іс-шара мемлекеттік органдар мен корпоративтік секторлар және азаматтық қоғам, «Samruk-Kazyna Trust» қорындағы компания өкілдеріне тиімді диалог алаңын құру, тәжірибе алмасу, қолдаудың қолжетімді құралдары мен табысты кейстер туралы хабар беру, сондай-ақ қайырымдылықты дамытуға байланысты аса маңызды мәселелердің шешімдерін іздеу мақсатында ұйымдастырылды.

Форумның панельдік сессиясы аясында қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша азаматтық қоғамның мәселелері мен ұсыныстары талқыланды. 

Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы екінші деңгейлі банктердің, жер қойнауын пайдаланушылар мен қайырымдылықпен айналысушылардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тәжірибесі ұсынылып, халықаралық тәжірибеге шолу жасалды. Әлеуметтік жобаларды насихаттау мақсатында шеберлік сабақтары өткізілді.

II Корпоративтік қайырымдылық форумы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мен қайырымдылық жобаларды одан әрі дамыту үшін маңызды қадамдарға серпін берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив