Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында 1 ақпаннан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады

31-01-2024, 09:00 018.kz

Өңірлік кадрлық резервке іріктеу 1 ақпанда басталады. Өңірлік кадр резервін құрудың басты мақсаты облыстың дамуына өз үлестерін қосамыз деген білімді дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен кадр комиссиясының отырысы өтті. Онда іріктеу үдерісіне және қызметтің негізгі бағыттарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өтінімдерді қабылдау және нәтижелерді шығару мерзімдері белгіленді.

Облыстық резервке іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі  және кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Облыстың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыстың кадр резервіне 15 азамат іріктеліп алынатын болады.

Сонымен қатар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервіне іріктеудің үлгілік тәртібіне сәйкес, Абай облысының өңірлік кадр резервіне іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

1)      индустрия және өнеркәсіп;

2)      экономика және қаржы;

3)      әлеуметтік сала;

4)      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5)      агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6)      цифрландыру;

7)      экология.

Өңірлік резервке іріктеу қандай кезеңдерден тұрады?

  1. кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
  2. заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерді бағалау;
  3. уәкілетті орган жүзеге асыратын құзыреттерді бағалау;
  4. комиссиядағы құрылымдық сұхбат;
  5. өңірлік резервке қабылданатын кандидаттарды комиссия отырысында қарау.

Өңірлік резервке іріктеу кезеңдері «Е-Қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Іріктеуге қатысу үшін қандай құжаттар қажет болады?

Өңірлік резервке іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне құжаттарды қағаз жеткізгіште не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде ұсынады:

  1. ҚР жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;
  2. өтініш;
  3. білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалардың көшірмесі;
  4. соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. Құжаттарды тапсыру кезінде кандидат Ережемен танысады және олардың қатаң сақталуына, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге келіседі.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив