Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Қазақстандағы ветеринариялық зертханалар дәлдігі жоғары жаңа құрылғылармен жабдықталады

31-01-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. 

Қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады. 

Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады. 

Сонымен қатар жаңа құрылғы бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүрген қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек, Қазақстанның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады. Ветеринариялық талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, еліміз ішкі нарықты жануарлардан тарайтын қауіпті аурулардан қорғау шараларын жедел қабылдай алады. 

ҚР Үкіметінің аталған қаулыны қабылдауы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив