Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Мәжіліс ЕАЭО туралы шартқа түзетулердің «үшінші» пакетін мақұлдады

31-01-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқаөзгерістер енгізу бойынша хаттаманы ратификациялаутуралы заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісініңжалпы отырысында ұсынды.

Құжат 32 түзетуді енгізуді көздейді. Өзгерістертехникалық реттеуге, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлықшараларға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, тарифтік емес реттеуге, бәсекелестікке жәнеМемлекеттік сатып алуға қатысты.

Атап айтқанда, түзетулердің шығуымен ЕАЭО елдеріЕАЭО-ның бірыңғай тізбесінде бұрын болмағанзиянды организмдерге қатысты шұғылфитосанитариялық шараларды енгізуге мүмкіндікалады.

Арман Шаққалиев түсіндіргендей, бүгінде бірыңғайкелісілген тізбеге енгізілген қоздырғыштарға қатыстыуақытша карантин жарияланады. Біздің еліміздіңаумағында микроорганизмдермен өсімдіктердіжұқтырудың жаңа жағдайларының пайда болуыменқолданыстағы тізімді кеңейту қажеттілігі туындады. Тараптар басқа елдерге шұғыл фитосанитариялықшаралардың енгізілгені туралы алдын ала хабарлауғаміндеттенеді. Мұндай жағдайларда өзара хабарлаутәртібін комиссия әзірлейді және бекітетін болады.

Бұдан басқа, ЕЭК комиссиясына ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Қағидалар уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға және электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар қазақстандық өнім берушілерге ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің кез келген өңірінде өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңашылдық Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекіту құқығын беруді көздейді.

Бұл ретте тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функциялар ұлттық құзыретте қалады, тиісінше үкіметаралық кеңес тек жалпы тәсілдер мен ұсынымдарды белгілейтін болады - деп атап өтті Министр.

Сондай-ақ, түзетулер тауарларды әкелу немесе әкету кезінде рұқсат құжаттарын алу процесін жеңілдетеді. Сауда және интеграция министрінің айтуынша, қазірлицензия беру ережелері ЕАЭО туралы шартқаенгізілген. Оларды түзету қиын, сондықтан ЕЭК Кеңесі ережелерді бекітуді ұсынады.

Өзгерістер құжаттарды қайта беру кезінде шарттың қосымшасынсыз сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) мәліметтерін пайдалану мүмкіндігін көздейді. Лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің тізбесі нақтыланады. Лицензия мен рұқсат нысанынан артық мәліметтер алынып тасталады, сондай – ақ рұқсат құжаттарын электрондық форматта беру мүмкіндігі ескертіледі -деп түйіндеді Министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив