Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Сенаторлар әскери қоймадағы оқ-дәрі қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етудің жай-күйіне назар аударды

1-02-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналында, базалары мен қоймаларында сақтауда тұрған қару-жарақ пен оқ-дәрінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша отырыс өткізді.

Отырыс барысында арсеналдардың, базалар мен әскери қоймалардың жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы нысандардың жанында тұратын халықты қорғау мәселелері талқыланды.

Шараға қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің, сондай-ақ Бас әскери прокуратура мен ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив