Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

СІМ-де Қазақстан-Литва ынтымақтастығын одан әрі нығайту жөніндегі қадамдар талқыланды

2-02-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісі Эгидиюс Навикас өзекті мәселелер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар бойынша «сағат теңестірді».

Кездесуде көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру сияқты басым салаларда Қазақстан-Литва ынтымақтастығының табысты үдемелі дамуы аталып өтті.

Әңгіме барысында сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейту жөнінде пікір алмасылды. Осы тұрғыда Р. Василенко ү.ж. 29 ақпанда Вильнюс қаласында кезекті 14-ші отырысы өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлін атап өтті. ҮАК тең төрағалары – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев және ЛР Экономика және инновациялар министрі Аушрине Армонайте.

Сұхбаттастар сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесін ілгерілету бойынша бірлескен қадамдарды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Литва қатынастарының барлық спектрі бойынша тұрақты сындарлы диалогты қолдауға және шарттық-құқықтық базаны кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Анықтама: Қазақстан мен Литва арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылы 223,6 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 92,9 млн доллар, импорт – 130,7 млн доллар.

2005 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанға Литвадан 95 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция салынды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен 190 кәсіпорын қызмет етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив