Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі

5-02-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздегі азаматтық қоғамды одан әрі дамыту тәсілдерін әзірлеу мәселесі бойынша пікірталас ұйымдастырды.

Іс-шараға министрлік қызметкерлері, Парламент депутаттары, үкіметтік емес сектор өкілдері және т. б. қатысты.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Мемлекет басшысы мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестік процесін дамытудың маңыздылығын атап өткенін тілге тиек етті.

"Үшінші сектордың даму векторын айқындайтын негізгі құжат болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы 2020 жылғы 27 тамызда қабылданды. Елімізде және әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерді ескере отырып, тұжырымдаманы өзектендіру және оған өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр", - деп атап өтті Данияр Қадыров.

Жиында қолданыстағы тұжырымдаманы өзгерту, заңнаманы, ҮЕҰ-ды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Кездесу соңында министрлік өкілдері ҚР азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстарды қабылдау басталғанын хабарлады.

Ұсыныстарды ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін төмендегі электрондық мекенжайларға жолдау қажет: a.kushkimbaev@mki.gov.kz, a.alzhaparova@kipd.kz, r.elyubaev@kipd.kz.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив