Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Digital Almaty 2024 халықаралық форумында көлік саласындағы инновациялар ұсынылды

5-02-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Digital Almaty-2024 форумы аясында ҚР Көлік министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Көлік пен логистиканы цифрландырудың сын-қатерлері мен трендтері» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Сессияның жұмысына «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Семен Пак, YTO Express Group вице-президенті Ying Chun мырза, Global DTC Wee Tan Yeong компаниясының бас директоры, мемлекеттік және бизнес-құрылымдардың басқа да өкілдері қатысты. Әңгіме барысында көлік және тасымалдау саласында алдағы уақытта іске қосылуы жоспарланған цифрлық құралдар талқыланды.

Сөз кезегінде «Қазпошта» АҚ өкілдері YTO Express Group компаниясымен бірлесіп, қазақстандықтарға ірі қытай маркетплейстеріне тікелей қолжетімділік ашуға мүмкіндік берген стратегиялық әріптестік туралы айтып өтті.

«ReLog» компаниясының бас директоры Бауыржан Рүстемов арнайы цифрлық сервисті таныстырып, оның артықшылықтары туралы айтып берсе, ONAY Көлік холдингінің бас директоры Садир Хамраев қоғамдық тасымалдау және көлік саласындағы жұмыс барысы мен цифрландыру шеңберіндегі жоспарлары туралы айтып берді.

Сессияның қорытындысы бойынша ҚР Көлік министрлігінің өкілдері белсенділік танытқан спикерлер мен қатысушыларға алғыстарын білдіріп, министрлік жаңа инновациялық ұсыныстарды іске асыру барысында ынтымақтастық шеңберінде іскерлік қатынастар орнатуға ашық екендігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив