Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Семей қаласындағы сауда үйінде шыққан өрт оқшауланды

6-02-2024, 12:00 018.kz

Сауда үйіндегі өрт сағат 11.39-де оқшауланды.

Жоғары температура, үлкен өрт жүктемесі, жанғыш материалдар, ғимараттың орналасуының күрделілігі және жеке құрамның жұмысына қауіп төндіретін ғимарат шатырының құлау қаупі өрт сөндіру жұмыстарын  қиындатуда.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы жұмыс істейді. Күштер мен құралдар №3 жоғары дәрежеде қызмет атқаруда.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамнан 388 адам, 48 бірлік техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Алғашқы есептоптар өрт орнына жерге екі минут ішінде келді. Барлау жүргізген кезде бірінші және екінші қабаттарда орналасқан бутиктердің үлкен алаңда жанғаны байқалды. Ғимараттың ішін қатты түтін басқан.

Өрттің себебі мен алдын ала ауданы анықталуда.

Сынақ өрт зертханасы зерттеулер жүргізіп жатыр, өрт орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив