Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Абай облысының командалары робототехникадан Орталық Азия чемпионатына жолдама алды

7-02-2024, 09:45 018.kz

FIRST Kazakhstan-2024 халықаралық чемпионатының FIRST LEGO League Challenge бағыты бойынша аймақтық чемпионат өтті.

Чемпионат мақсаты - оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, цифрлық технологияларды қолдануға, креативті ойлауға, оқушыларды робототехника, сенсорика саласында бағдарламалауға ынталандыру.

Турнирге облыс бойынша 12 команда, 76 қатысушы қатысты.

Қатысушылар робот ойынында белгілі бір тапсырманы орындау үшін робот жасап, бағдарламалады. Командалар байқауға инновациялық жобаларды, ойын роботтарын және әртүрлі дизайндағы роботтарды ұсынды. Нәтижесінде 3 үздік команда ақпан айында өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. Абсолютті чемпион «REGION 18» командасы, финалистер «AIMA» командасы және «RO-ALEMI» және «ZHAS QANAT» құрама командалары болды.

FIRST LEGO League Challenge чемпионаты - 10-16 жас аралығындағы оқушылар арасында жарыс алаңында тапсырмаларды орындайтын, роботтарды құрастыратын және бағдарламалайтын жарыс.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив