Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Алматыда архив қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында семинар өтті

7-02-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Алматыда архив қызметкерлеріне  арналған «Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама нормалары мен нормативтік құқықтық актілер туралы әңгімеледі. Іс-шараға архив саласына жетекшілік ететін басқармалар, Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласының мемлекеттік архивтері қатысты.

Семинар шеңберінде  архив қорларын сапалы жинақтау, Ұлттық архив қорының құрамына құжаттарды жатқызу бойынша өлшемшарттарды қолдану, мемлекеттік есепке алуды жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде мәселелерді талқыланды.

Сондай-ақ екі секция бойынша жоспарланған тақырыптық алаңда архившілер архивтік құжаттарды жинақтау және есепке алу жөніндегі заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив