Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ӨКП тарапынан тауары өртенген кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіледі?

7-02-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында «Ақшың» сауда орталығы өртеніп, көп кәсіпкердің тауары бүлінді. Саудагерлер Абай облысы кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді. Қазіргі кезде Палата өрт салдарынан мүлігі өртенген кәсіпкерлер тізімін жинап жатыр. Залал мөлшері, көмек көрсету бойынша ұсыныстар пысықталуда.  

Абай облысының кәсіпкерлер палатасы тауары бүлінген кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін жедел топ құрды. «Атамекен» алаңында Пушкин көшесі, 100 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдау, заңгерлік және бухгалтерлік кеңес көрсетіледі. «Ақшың»  СО кәсіпкерлері туындаған мәселелерді тиімді шешу үшін мына сілтеме бойынша форманы толтыруы қажет. Палата барлық шағымның жұмысқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

«Кәсіпкерлерге заңгерлік және консультациялық көмек толық көрсетіледі. Біз бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы үшін пайдаланылатын алаң ұсынамыз. Бұл үшін кәсіпкерлерден нақты ахуалды біліп,  қажетті көмек көлемін есептеу үшін ақпарат жинап, банктер, мемлекеттік органдардан көмек алуға ұсыныстар жасаймыз», – деп облыстың кәсіпкерлер палатасының төрағасы Мақсат Сүйшінов.

Қазіргі кезде 200-ге жуық сауалнама толтырылды. Негізгі проблемалар – несие, салықтар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, жаңа сауда орындарын іздеу. Сондай-ақ, облыстың кәсіпкерлер палатасының төрағасы зардап шеккендерге электрон саудаға көшуді ұсынды. Ол үшін маркетплейске (электронды дүкендерге) ауысуға дайын адамдардың санын анықтау қажет. Тегін оқу өткізу жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлер бастапқыда салық аударымдары мен несие төлемдерін жою немесе кейінге қалдыруды, мүлікті жоғалту туралы анықтама беру және өтемақы төлеуді, залалды өтеуді талап етті.

«Біз мемлекеттен алдағы аптада зардап шекендерге өртенген зат көлемінің ең кемі 10%-ын  төлеуді сұраймыз. Алғашқы алты айда сауда орнын тегін беруді сұраймыз. Бұл бізге баға жетпес қолдау болмақ» –  дейді «Ақшың» СО-да тауары өртенген кәсіпкерлер.

Бизнестің талап-тілегі ішінде жойылған құжаттарды мемлекеттік бажсыз қалпына келтіру және жеделдетілген тәртіппен кассалық аппараттарды есептен шығару бар. Өйткені стационарлық және бағдарламалық аппараттар өртеніп кетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив