Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

SCAT әуе компаниясы Астана-Батуми бағытындағы рейстерді қалпына келтіріп жатыр

8-02-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті отандық және шетелдік әуекомпанияларымен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Осылайша, SCAT әуекомпаниясы биыл 8 маусымнан бастап Астана – Батуми бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Рейстер сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» типті әуе кемелерімен орындалатын болады. Сондай-ақ биыл шілде айынан бастап рейстердің жиілігі аптасына 3 ретке дейін артады деп күтілуде. Яғни, жолаушылар сейсенбі және бейсенбімен қоса, сенбі күндері де Астана – Батуми бағыты бойынша жолға шыға алады.

Тұрақты әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив