«Ақшың» сауда үйіндегі жағдай облыс әкімдігінің қатаң бақылауында
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті. Жиныға ТЖД, Полиция департаментінің өкілдері, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары мен қала тұрғындары қатысты.
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, туындаған мәселені шешумен айналысатын «жұмыс және жедел-тергеу» тобы құрылды.
«Мен сіздерге қолдау жасалатынын және бұл жағдайға байланысты жан-жақты ашық шешім қабылдауға кепілдік беремін. Мемлекеттік көмектің барлық тетіктері ұсынылатын болады. Арнайы қор құру жоспарланған, өйткені жергілікті кәсіпкерлердің де көмектесуге ниеті бар. Біз жағдай реттелмейінше өз өніміңізді сататын 13 сауда орнын ұсынамыз», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Кездесу барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық мәселелерді қарастыратын кәсіпкерлерден бастамашыл топ құру ұсынылды.
Айта кетейік, Семей қаласындағы ірі «Ақшың» сауда орталығындағы өртке қатысты жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауында.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзіҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды