Қазақстанда «Таврида Электрик» электртехникалық зауыты іске қосылды
«Атамекен» ҰКП өкілдері электртехникалық зауыттың ашылу салтанатына қатысты.
«Таурида Электрик» компаниясы үшін Қазақстан Республикасында зауыт ашу өндірісті дамыту және клиенттерге инновациялық шешімдер ұсынудағы маңызды қадам болды. Жаңа зауыт Қазақстанның энергетикалық нарығының қажеттіліктерін неғұрлым тиімді қамтамасыз ету және өңірдегі әріптестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ықпал етуге мүмкіндік береді. Зауыт отандық өнеркәсіпті дамытуға ықпал етіп, сенімді және тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаттарға жетуді тездетеді деп сенеміз. Жаңа энергетикаға жаңа мамандар қажет. Сондықтан көктемде біз тағы бір жобаны – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында болашақ желілерін модельдеу зертханасын ашуды жоспарлап отырмыз», – деді «Таврида Электрик Астана» техникалық-коммерциялық орталығының директоры Бахруз Махаров.
Салтанатты шараға «Таврида Электрик» электртехникалық зауытының директоры Азамат Ардабаев, Астана қаласы әкімдігі, өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин әріптестеріне табыс, сенімді серіктестер табуды тіледі.
«Зауыттың ашылуына қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жаңа өндіріс, жаңа жұмыс орындары құрылған электр жабдықтарын құрастыру және құру кешені болады. Кәсіпорын технологиялық күрделілігі және локализацияның жоғары үлесі бар тауарлар өндірісін ұлғайтуға баса назар аударады. Бұл саланы және жалпы өнеркәсіпті дамытудың маңызды аспектісі. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әрқашан отандық өндірушілерді қолдайды. Біз кедергілерді жою, отандық өндірушілерді қолдау үшін түрлі алаңдар мен тетіктер құру, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік органдардың құрылымды диалогын құру бойынша белсенді жұмыс жүргіземіз», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.
«Біз «Атамекен» ҰКП-мен тығыз ынтымақтастық орнатуға сенеміз және Ұлттық палата қолдайтын құралдарды пайдалануды жоспарлап отырмыз. Ұлттық палатаның көмегімен күрделі технологиялық өнімдердің әрбір өндірушісінің жолында тұрған қиындықтарды жеңетінімізге сенімдіміз», – деді Бахруз Махаров.
Қазақстан Республикасында инновациялық жиынтық тарату құрылғыларын шығаратын «Таврида Электрик» жаңа зауыты Астана қаласының № 1 Индустриялық паркінде орналасқан, өндірістік алаңы 539 шаршы метрді құрайды.
Кәсіпорын заманауи жабдық және бағдарламалық кешендермен жабдықталған. Бірінші кезеңде зауыт Etalon сериялы жоғары сапалы және сенімді жиынтық тарату құрылғыларын (КРУ) – электр энергиясын тарату жүйелерін түбегейлі оңтайландыруға мүмкіндік беретін элегазсыз әлемдегі толық функционалды 6-10 кВ КРУ шығарады. Зауыттың қуаты жылына 400 данаға дейін электр тарату шкафтарын шығаруға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде 35 кВ дейінгі класта шағын жылдам салынатын цифрлық қосалқы станцияларды игеру жоспарланған. Бұл қосалқы станциялар негізгі қоректендіру орталықтары және Қазақстан Республикасының тарату желілік кешенін жаңғырту және цифрлық трансформациялау бағдарламаларында аса сұранысқа ие.
Зауыт өнімдері жергілікті тапсырыс берушілерге де, сонымен қатар Орта Азия, Әзірбайжан және Өзбекстан нарықтарына да жеткізілетін болады. Өнім электржелілік, өнеркәсіптік және коммерциялық ұйымдар мен қалалық инфрақұрылым объектілерінің тарату желілерінің жоғары тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ электрмен жабдықтау қауіпсіздігін жақсартуға және энергия тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.
Жоба компанияның Қазақстан кәсіпорындарымен жиырма жылдық ынтымақтастығының кезекті кезеңі болды. «Тарвида Электрик Астана» компаниясында 50-ден астам жас инженер-энергетик жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде бірқатар ауқымды жоба іске асырылды. Соның ішінде Қазақстан темір жолы тарату желілерін автоматтандыру, «ҚазТрансОйл» АҚ ЭХЗ жол бойындағы желілерін автоматтандыру, «Өзенмұнайгаз» АҚ РП тарату құрылғылары мен қосалқы станцияларын жаңғырту (800-ден астам дана) жұмыстары бар.