Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

«Көктем-2024» РКШОЖ барысында практикалық іс-шаралар пысықталуда

9-02-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Көктемгі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында ел халқы мен аумағын қорғауды ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында а.ж. 8-9 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында оқу–жаттығуға басшылық ету штабымен «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығуға 15 республикалық азаматтық қорғау қызметінің жедел топтары, жергілікті атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің бөлімшелері және Ұлттық ұланның әскери бөлімдері, сондай-ақ волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар қатысады.

Ағымдағы жылы оқу-жаттығулар су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірыңғай кешенді міндет форматында ұйымдастырылды.

Өткізу жоспарына сәйкес, «Көктем–2024» оқу-жаттығуы екі кезеңде өткізіледі, яғни азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін функционалдық міндеттерді орындауға дайындау және ТЖ жою кезінде күштер мен құралдарды басқару.

Бірінші күні көктемгі кезеңдегі ТЖ жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасы дайындыққа келтірілді және ТЖ жою бойынша шешімдер қабылдау және іс-шараларды орындау бойынша іс-шаралар пысықталуда.

Республикалық және аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді.

Ел аумағында барлық жерде елді мекендерден қар шығару, автомобиль және теміржол жолдарындағы каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары, сондай-ақ барлық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, басқа да алдын алу іс-шаралары жалғасуда.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына арнайы көмек ретінде еліміздің барлық жерінде аулаларды, үйлерінің көшелерін қардан тазарту бойынша акция өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында ведомстволық жоспарлау құжаттарының мазмұны нақтыланды.

Екінші күні іс-қимылдарды пысықтауды жалғастыру жоспарлануда, су тасқыны қаупі төнген және туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив