Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

ҚР СІМ-де қазақ-британ ынтымақтастығын ілгерілету жолдары белгіленді

9-02-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар қазақ-британ саяси диалогын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарын кеңеюін жоғары бағалады.

Сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге жақын арада қол қойылуына мүдделілік танытты. Р.Василенко аталған келісімді жасасу арқылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге және сауда-инвестициялық байланыстарды дамытуға қолайлы жағдайлар ашылатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, тараптар білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықтың, соның ішінде британ академиялық институттары мен университеттерін Қазақстанға тарту жұмыстарының жоғары қарқынын аталып өтті.

Кездесу барысында аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл перспективалары да талқыланды. Дипломаттар климаттың өзгеруіне қарсы күрес және су ресурстарын басқару бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді.

Анықтама: Ұлыбритания Қазақстанның маңызды сауда әріптесі және ірі инвесторларының бірі. 2023 жылы екіжақты тауар айналымы 1,18 млрд АҚШ долл. құрады (экспорт – 702,9 млн, импорт – 478,7 млн). 2005 жылдан бері Ұлыбританиядан Қазақстанға 17,1 млрд долл. астам тікелей инвестиция тартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив