Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Көлік министрлігі инвестициялық жобалар пулын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр

9-02-2024, 14:23 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрлігінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Бүгінгі таңда бейінді министрлік көлік және логистика саласындағы инвестициялық жобалар пулын бірнеше есе ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мәселен, Көлік министрлігі мемлекеттік және жеке компаниялармен бірлесіп, көлік-логистика саласында инвестициялық көлік-логистика жобаларының пулын өзектендіріп, қалыптастырды.

Айта кетерлігі, жалпы инвестициялық жобалар пулы іске асырылып жатқан және перспективалы жобалардан тұрады.

 «Толықтай қалыптастырылғаннан кейін перспективалы инвестициялық жобалардың тізбесі KAZAKHINVEST АҚ-ға, Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы елшілігіне инвестициялар тарту үшін бағытталатын болады. Сондай-ақ аталған жобалар әлеуетті инвесторлармен және шетелдік компаниялармен кездесулер барысында пайдаланылады», – деді Талғат Ластаев.

Өз кезегінде көлік вице-министрі өңірлердегі әкімдіктерге қысқа мерзімде аталған жобаларды қарастырып, тиісті ұсыныстарын жіберу қажет екендіктерін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив