Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Әзірбайжаннан келген делегацияның жұмыс сапары шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті

9-02-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесуге теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов қатысты

Тараптар күн тәртібіндегі көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сонымен бірге алдағы уақытқа жоспарлар белгіленіп, бұрын-соңды қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. Атап айтқанда, Әзірбайжан Республикасы цифрлық даму және көлік министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану, рұқсаттар квотасын (үшінші елдер үшін рұқсат) ұлғайту, Құрық портында түбін тереңдету бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігі, сондай-ақ тиеуді жүзеге асыратын локомотивтер санын ұлғайту туралы келісім жобасына қатысты мәселелер қаралды. Екі тарап сонымен қатар 2022-2027 жылдарға арналған Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия аумақтары бойынша «тар» орындарды синхронды жою және орта дәлізді дамыту бойынша қол қойылған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде мәселелер қаралды.

Өз кезегінде көлік министрлігінің өкілі дәліздің қуатын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылы Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеу көлемі 65%-ға артып, 2,76 млн тонна жүкті құрады.

«Тар» орындарды синхронды жою және Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде дәліздің қуатын кеңейту бойынша екі тарап та белсенді жұмыс жүргізуде. Аталған Жол картасын өзектендіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Өз кезегінде Қазақстан өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті дамытуға және көлік дәліздерін жаңғыртуға күш салуда», – деді Қасым Тілепов.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Әзірбайжанмен өткізілетін үкіметаралық комиссия отырысының күнін белгіледі. Аталған отырыс 6 наурызда елордасы Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив