Жолаушылар пойыздары ауа-райының қолайсыздығында жолда қалған 400 астам адамды алып кетті
Қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 8 ақпанында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 400 астам жолаушыны эвакуациялауды ұйымдастырды. Бұл күні республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер енгізілді.
Осыған байланысты жолаушыларды қала маңындағы электр пойыздары мен пойыздар тасымалдады:
- №7501- Ерейментаудан Астанаға дейін;
- №327 - Астана мен Бурабай курортынан Көкшетауға дейін;
- №6830 - Бурабай курортынан Астанаға дейін;
- №43 - Шоқайдан Астанаға дейін;
- №45 - Қарағандыдан Астанаға дейін.
9 ақпанда республикалық автотрассалардың жабылуына себеп болған күрделі метеорологиялық жағдайлардың жалғасуына байланысты келесі қосымша жолаушылар пойыздарына 31 вагон тіркелді:
- Павлодардан Астанаға дейінгі №45 пойыз-6 вагон;
- Павлодардан Астанаға дейінгі №139 пойыз-4 вагон;
- Астанадан Павлодарға дейін №354 пойыз --7 вагон;
- Астанадан Петропавлға дейінгі №623 пойыз -10 вагон;
- Астанадан Павлодарға дейін №45 пойыз -4 вагон.
Жолаушыларға қосымша 1300 астам орын беріледі.
Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, "Жолаушылар тасымалы" АҚ азаматтарға ауа райы жағдайларын ескере отырып, өз сапарларын жоспарлауды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты тегін "1433" нөмірі бойынша алуға болады.