Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Қазақстандық роботтандыру жобасы Global CIO project of the year байқауда үздік деп танылды

9-02-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

«KEGOC» АҚ-да 2023 жылы енгізілген RPA (Robotic Process Automation) жобасы Global CIO IT-қоғамдастығы ұйымдастырған Project of the Year байқауында роботтандыру бойынша үздік жоба атанды. Жобаны KEGOC командасы KPMG-мен бірлесе отырып, танымал Blue Prism платформасында жүзеге асырды.

KEGOC-та роботтар мен цифрлы қызметкерлер (Digital Workers) сатып алу, бухгалтерлік есепке алу, салықты есепке алу және өткізу бағыттары бойынша ендірілді. «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаеваның айтуы бойынша роботтарды ендірудің әсері процестерді қамтамасыз етуге жұмсалған уақытты үнемдеудің шамамен 80%-ін құрады:

- Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді барынша аз өзгерте отырып, бизнес-процестерді автоматтандырудың және роботтандырудың зиянсыз әрі жеңіл болуы біз үшін технологиялық инвестициялардың басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан, тиімді шешімді іздеуде RPA технологиясына тоқтадық. Мұндай автоматтандыру компанияның өнімділігін арттыруға, уақыт пен адам ресурстарын оңтайландыруға, жұмыстағы қателіктерді жоюға, сондай-ақ процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Әкімбаева.

Қазір компанияда бес робот жұмыс істейді. Олар орталық дирекцияның, 10 өндірістік филиалдың және «Энергоинформ» АҚ еншілес ұйымының ұйымдық периметрінде 16 кейстің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Цифрлық көмекшілердің арқасында күнделікті процестерді орындау шығындары қысқарды, күрделі тапсырмаларды орындауға, өндірістік шешімдерді талдауға және қабылдауға көбірек уақыт бөлініп отыр.

KEGOC-та процестерді автоматтандыруды жалғастыру және келешекте қызметкерлер құзыреттер бойынша міндеттерді өздігінен анықтап, роботтандыратын құзыреттер орталығын құру жоспарланып отыр.

Компанияда роботтандыру 2020 жылы «САП СНГ» ЖШҚ компаниясы бастамашылық жасаған  SAP Intelligent RPA көмегімен күнделікті қайталанатын бизнес-процестерді автоматтандыру үшін ең үздік идеяларды әзірлеу бойынша «SAP «i-Бизнес-процестерді роботтандырамын» байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталды.Нәтижесінде компания екі пилоттық жобаны қайтарымсыз негізде іске асыру мүмкіндігін алды.

Global CIO халықаралық кәсіби АТ-қоғамдастығының «Жыл жобасы» байқауы биыл алғаш рет өткізілді. 15 елден 80-нен астам жоба мәлімделді. Оның ішінде ең қызықты әрі көрнекті елу жоба байқау финалына өтті. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив