Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Жеке кездесуде жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

10-02-2024, 14:22 018.kz

Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерді жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары көтерілді.

Зейнеткерлік жасқа толған кәсіпкерлерге баса назар аударылды. Оларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін «Күміс жас» бағдарламасына қатысу ұсынылды. Басқа ұсыныстар да қарастырылды.

2024 жылдың үшінші тоқсанында Семей қаласында коммуналдық азық-түлік сауда орнын ашу жоспарланып отыр. Онда бизнес өкілдері үшін де жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жеке қабылдау барысында әрбір кәсіпкерлердің көтерген сұрақтарын шешу үшін алдағы уақытта атқарылатын нақты жұмыс алгоритмі ұсынылды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив